Ресей азық-түлік жәрдеміне дайын

Ресейлік министр: "Азық-түлік мәселесі Ресейдің экспортына және төлеміне бағытталған санкцияларды жоюды қамтыған көлемді шешімді қажет етеді" деді.

1832415
Ресей азық-түлік жәрдеміне дайын

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Украинадан астық өнімдерін жөнелту үшін келіссөздер жүргізуге дайын екендіктерін білдіріп:

"Азық-түлік мәселесі Ресейдің экспортына және төлеміне бағытталған санкцияларды жоюды қамтыған көлемді шешімді қажет етеді" деді.

Андрей Руденко Украинадан астық өнімдерінің соғыс себепті жолданбауы және жаһандық азық-түлік дағдарысына байланысты баға берді.

Еуропалық Одақ комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйеннің «Ресей азық-түлік мәселесін қару ретінде пайдалануда» деген айыптауына баға берген Руденко:

"Барлық мәселеге бейбіт жолмен шешім қарастырған баршамен кездесуге дайынбыз. Урсула фон дер Ляйеннің мәлімдемесін өз ұжданымен өлшеуін сұраймыз" деді.

Азық-түлік мәселесі көлемді шешімді қажет ететінін айтқан Андрей Руденко:

"Азық-түлік мәселесі Ресейдің экспортына және төлеміне бағытталған санкцияларды жоюды қамтыған көлемді шешімді қажет етеді. Сонымен бірге Украина кемелер тұрған кемежайлардағы миналарды тазалауы керек. Ресей гуманитарлық дәліздерді қамтыған барлық жәрдемді жасауға дайын тұр" деп көрсетті.

Ресей мен Украина жаһандық азық-түлік экспортының 30 пайызын иелеп отыр.



Ұқсас жаңалықтар