Реиси АҚШ-қа құқай көрсетті

Реиси: "Келіссөздерді жалғастырудамыз, алайда басқалардың біз жайлы шешім жасауын күту арқылы еліміздің дамуын тоса аламаймыз" деді.

1832399
Реиси АҚШ-қа құқай көрсетті

Иран президенті Ибрахим Реиси елінің өркендеуі үшін АҚШ-тың тек тарапты санкцияларының жойлуын күтудің орнына оның ықпалын азайтуға ұмтылатындарын айтты.

Бұл туралы Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA хабарында Иран президенті Ибрахим Реиси Кум қаласында діни қайраткерлермен бірге ұйымдастыырлған іс-шараға видео арқылы үн қатқаны білдірілді. 

Сөзінде Австрия астанасы Вена ұйымдастырылған атомдық келіссөздерге және АҚШ-тың санкцияларына тоқталған Реиси:

"Келіссөздерді жалғастырудамыз, алайда басқалардың біз жайлы шешім жасауын күту арқылы еліміздің дамуын тоса аламаймыз" деді.

Иран президенті Ибрахим Реиси үкіметтің аталмыш тақырып жайлы елдің рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи мәлімдегендей «санкцияларды бейтараптандыру» стратегиясын ұстанатынын атап өтіп:

"Санкциялардың жойылуынан да маңыздысы санкциялардың әсерін азайту үшін бір орталық құрдық. Осы орталық белсенді жұмыстанып жатыр" деді.



Ұқсас жаңалықтар