PKK Духокта телеарнаға зымыран шабуылы жасады
Шабуылмен байланысты "Хани" баспасөз және коммуникация орталығы жазбаша мәлімдеме жасады.
Бөлшектеуші террор ұйымы PKK Ирактың Духок қаласындағы бір телеарнаға зымыранмен шабуыл жасады.
Орталығы Духок қаласындағы "Хани" баспасөз және коммуникация орталығы тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Духок телерадио медиа тобына тиесілі бір ғимаратқа бөлшектеуші террор ұйымы PKK тарапынан зымыранмен шабуыл жасалғаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде шабуылдан кейін Духоктың Захо ауданына қарасты Бехери тауында орналасқан теледидар ғимаратына материалдық шығын келгені аталып, «Бұл террор шабуылын айыптаймыз. PKK медиа орталықтарының өркениет көрсеткіші екенін білуі керек. Бұл шабуылдар мен қорқытулар ешкімге қысым көрсете алмайды» делінді.
Духок телерадио медиа тобы Месут Барзани басшылығындағы Күрдістан демократиялық партиясына (КДП) жақындығымен танымал.
Ұқсас жаңалықтар
Мосул губернаторы Анадолы агенттігіне сұқбат берді
Абдулкадир ед-Дехил «Мосулдың дамуында Түркияның үлкен рөл атқарғанын қалаймыз» деді.