АҚШ-та 8000 жылдық бас сүйегі табылды

Полиция басшысы: "Бас сүйегінің өте ескі тарихқа тән болуы бізді таңырқатты" деді.

1831898
АҚШ-та  8000 жылдық бас сүйегі табылды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Миннесота штатында табылған бір бас сүйегі бөлігінің шамамен 8000 жылдық екені хабарланды.

Миннесота өзенінің құрыған бөлегінен қайықшылар тауып алған, жоғалған немесе өлтірілген бір адамға байланысты болғаны мөлшерленгені себепті лауазымдыларға тапсырылған бас сүйегінің Біздің ғасырымыздан бұрынғы 6 мың немесе 5 мыңыншы жылдарда өмір сүрген адамға тән деген қорытынды шығарылды.

Ренвилл аймақтық полиция басшысы Скотт Хабл жергілікті баспасөзге жасаған мәлімдемесінде бас сүйегінің антропологтар тарапынан көміртекті анықтау әдісі арқылы зерттелгенін айтты.

Скотт Хабл:

"Бас сүйегінің өте ескі тарихқа тән болуы бізді таңырқатты" деді.

New York Times газетіне сөйлеген сөзінде Миннесота мемлекеттік университетінің антропология профессоры Кэтлин Блу бас сүйегінің аймақта тұратын рулардың бірінің аталарына тән екенін айтты.

Бас  сүйегінің суретін медиада жариялауға аталарына құрметсіздік деп қараған аймақтағы жергілікті амеркиалықтар наразылық көрсеткен.

Полиция басшысы Скотт Хабл наразылықтарға орай бас сүйегінің суреті медиадан алынғанын білдіріп, бас сүйегінің сынығы Сиу қауымының тайпалық билігіне берілетінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар