Ресей Украина шекарасына зымыран жүйесін қондырды

Ресей Украина шекарасына «Искандер-М» операциялық зымыран жүйелерін қондырды.

1831676
Ресей Украина шекарасына зымыран жүйесін қондырды

Украина Беларусь шекарасының 50 километр қашықтықтағы Брест аймағына Ресейдің «Искандер-М» операциялық зымыран жүйелерін қондырғанын хабарлады.  

Украина Бас Штаб басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеде соғыстың 90-шы күнінде Беларусь шекарасынан Украинаға зымыран және әуе шабуылы қаупінің артқаны білдірілді. 

Мәлімдемеде "Жойғыш «Искандер-М» операциялық зымыран жүйелерін Украинаның территориясынан 50 километрге дейінгі қашықтықтағы  Брест аймағына қондырылды" деген сөздер қолданылды. 

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының  24 ақпан мен 24 мамыр аралығындағы шығындары жайлы мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде "205 ұшақ, 170 тікқшақ, 1302 танк, 3 мың 194 сауытты көлігі, 112 зеңбірек, 606 зымыран соғар және 93 әуе қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Ресей Қарулы күштері 2 мың 213 көлік, 13 кеме мен жеңіл жүрдек қайық және 480 ұшқышсыз әуе көлігінен айыррылды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар