Ресей: "Краматорскта 'МиГ-29' жойғыш ұшағын атып түсірдік"
Игорь Конашенков Ресей армиясының Украинадағы шабуылдары туралы ақпарат бөлісті.

Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Ресей әуе күштерінің Краматорск маңында Украинаға тиесілі бір "Миг-29" әскери ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді.
Игорь Конашенков Ресей армиясының Украинадағы соғысы туралы ақпарат бөлісті.
Украинадағы шабуылдардың жалғасып жатқанын атап көрсеткен Конашенков әуеден жоғары дәлдіктегі зымырандармен бүгін 3 басқару орталығы, әскери жасақтар мен техникалық көліктер жиналған 36 алаң, Украинаның механикаландырылған 14-ші бригадаға тиесілі артиллериялық бөлімшелер, Донецкте Соледар, Красный Лиман, Спорное, Николаевка, Бахмут, Минковка мен Раздоловка аймақтарында АҚШ шығарған «М-777» гаубицасы ататын 155 миллиметрлік оқтар да бар қоймаға қоса 6 оқ-дәрі қоймасына соққы берілгенін алға тартты.
Ресей жауынгерлік-тактикалық бөлімшелерінің 2 командалық орталығы, 3 оқ-дәрі қоймасы, 80 әскери аймақ және Донецктің Пилипчатино аймағындағы «Бук-М1» әуе қорғаныс зымыран жүйесін жойғанын атап көрсеткен Конашенков бұл шабуылдар нәтижесінде 210-нан астам украин ұлтшыл күштері мен 31 әскери-техникалық машинаның залалсыздандырылғанын атап өтті.
Игорь Конашенков Украинаның «Миг-29» жойғыш ұшағын Ресей әуе күштері Краматорск маңында атып түсіргенін хабарлады.
Зымыран және артиллерия бөлімшелерінің 84 басқару орталығы мен 463 әскери аймақты өртегенін білдірген Конашенков Харьков және Херсон облыстарында Украинаға тиесілі 5 пилотсыз әуе көлігінің әуе қорғаныс жүйесімен жойылғанын хабарлады.
Орыс мәлімдемеші «Осы уақытқа дейін Украинаға тиесілі 178 әскери ұшақ, 125 тікұшақ, 995 пилотсыз әуе көлігі, 320 әуе қорғанысының зымырандық жүйесі, 3 мың 243 танк пен броньды техника, 425 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 1 мың 658 гаубица мен миномет, 3 мың 124 арнайы әскери техника жойылды» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Испанияда ыстық ауа райына жаңа ат беріледі
Севилья қаласында ауа температурасы жиі 40 градустан жоғары көтеріледі.