Еуропада маймыл шешегі ауруы
Аурудың көпшілікке таралу ықтималы өте төмен екені хабарланды.

Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше 9 елде маймыл шешегінің вирусы 67 адамнан анықталды. Бірақ аурудың көпшілікке таралу ықтималы өте төмен екені хабарланды.
Еуропа аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) бұрын 8 елде 85 деп жарияланған маймыл шешегі ауруының санын 67 деп өзгертті.
ECDC деректеріне сәйкес, маймыл шешегі ауруы Австрия, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания және Швецияда 15-23 мамыр аралығында байқалды.
Вирустың ауру жұқтырған адамның сілекейімен, зақымдалған терісімен немесе ұзақ уақыт бетпе-бет байланыста болуы нәтижесінде тамшылар арқылы жұғуы мүмкін екендігі айтылған еді.
Бұл туралы ECDC директоры Андеа Аммон мәлімдеме жасады. Ол «Қазіргі науқастардың көпшілігінде жеңіл белгілер бар. Аурудың көпшілікке таралу ықтималы өте төмен» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Путин Біріккен Араб Әмірліктерінде
Ресей әскери ұшақтары Путин ел астанасы Абу-Дабиге қонғанға дейін бірге ұшты.

Блинкен мен Ван сөйлесті
Энтони Блинкен мен Ван И Таяу Шығыс пен екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.