Украинада орыс әскері Вадим Шишимарин сотталды

Украинада орыс әскері Вадим Шишимарин бір бейбіт тұрғынды өлтіргені себепті өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді.

1831009
Украинада орыс әскері Вадим Шишимарин сотталды

Украина соты орыс әскері Вадим Шишимаринді соғыс қылмысы істегені және адам өлтіргені себепті өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесті .

Астана Киевтегі Соломенский соты  21 жасындағы орыс әскері Вадим Шишимаринді Украинаның Суми аймағында бір бейбіт тұрғынды өлтіргені себепті өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесті .

Үкімде Шишимариннің "қылмысты қасақана ретінде істегені" анықталғаны білдірілді. 

Үкімде "Шишимарин бір соғыс қылмысы істеді және өзіне әрқандай бір қауіп төндірмеген бейбіт халықты қасақана өлтіріді" деген сөздер жазылды. Үкімде  Шишимариннің өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілгені баяндалды. 

Орыс армиясымен бірге Украинаның Суми аймағына кірген Вадим Шишимариннің 28 ақпанда Чупаховка қалашығында үйдің алдында отырған және қасында ешқандай бір қаруы болмаған  62 жасындағы Александр Шепиловты басына оқ атып өлтірген еді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар