Украинада 4600 бейбіт халық қаза тапты
Ресей 24 ақпанда шабуыл бастаған Украинада осы таңға дейін кем дегенде 4600 бейбіт халық қаза тапты.
1830836
Украина Бас прокуроры Ирина Венедиктова Ресейдің шабуылдарында осы таңға дейін кем дегенде 4600 адамның қаза тапқанын білдірді.
Венедиктова бұл санақтың уақытша Ресейдің бақылауы астындағы аймақтандар санының қамтымағанын айтты. Венедиктова бейне көріністер және басқа қайнар көздерден алынған мағлұматтарға қарағанда сол жердегі жағдайдың өте аянышты екенін, көптеген қала және қалашықтардың жермен-жексен болғанын түсіндірді.
Ресейдің соғыс қылмыстарымен байланысты басталған шағымдар санының 13 мыңға жеткенін баяндаған Бас прокурор Ирина Венедиктова бұлардың жергілікті және халықаралық тергеулер, журналистикалық тергеулер және адам құқықтары ұйымдарының рапорттарымен дәлелденгенін атап өтті.