Дуда Украина Парламентіне үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский Анджей Дуданың сөзін парламентте тыңдады.

1830419
Дуда Украина Парламентіне үн қатты

Польша президенті Анджей Дуда Украина Парламентінде сөйлеген сөзінде Украинаның соғыста зақымдалған инфрақұрылымының Ресей  төлемақысымен қалпына келтірілуі керек екенін айтты.

Ресейдің 24 ақпанда соғыс бастауынан кейін астана Киевте Украина Парламентінде сөз сөйлеген Дуда Украина инфрақұрылымының соғыста ауыр зақымдалғанын білдірді.

Польшаның орыс шабуылында күйреген Украина инфрақұрылымын қайта жөндеуде белсенді есе қосуды қалайтынын жеткізген Дуда Украинаға түрліше қорлар арқылы қолдау берілуі керектігін де атап айтты.

Ресей шабуыл жасаған Украинаның Ресей төлемақысымен ретке салынуы керектігін айтқан Дуда:

"Бастысы батыс елдеріндегі банктердегі қазір шектелген мол орыс қаржысын осы жұмысқа бағыттаған жөн" деді.

Польша президенті Анджей Дуда:

"Украинаның болашағына тек қана өзі шешім жасау құқығына ие" деп көрсетті.

Украина президенті Владимир Зеленский Анджей Дуданың сөзін парламентте тыңдады.



Ұқсас жаңалықтар