Байден Жапонияда

Джо Байден Жапония императоры Нарухитомен кездесті.

1830669
Байден Жапонияда

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден Жапония императоры Нарухитомен кездесті.

2021 жылдың қаңтарында тағайындалғаннан кейін алғашқы Азия сапарына шыққан Байден Оңтүстік Кореядан кейін Жапонияның астанасы Токиоға барды.

Джо Байден елордадағы Император сарайында Жапония императоры Нарухитомен кездесті. NHK қоғамдық телеарнасы Нарухитоның Байденмен кездесуі жарты сағатқа созылғанын хабарлады.

Ақ Үй мәлімдемесінде кездесудің мақсатының «Америка халқының атынан сәлем жолдау және Жапония-АҚШ қарым-қатынасының беріктігін атап өту» екені айтылды.

Осы арада АҚШ президенті Байден Токиода өткен «Жапония-АҚШ саммиті» баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Жапония премьер-министрі Кисида Фумионы «жақсы дос» деп сипаттады.

Байден Америка Құрама Штаттарының «өз одақтасы Жапонияны қорғауға толығымен адал екенін» атап өтті. «АҚШ-Жапония альянсы Үнді-Тынық мұхиты бейбітшілік пен өркендеу үшін негіз болып табылады» деді ол.

Екі елдің «бүгін және болашақта қиындықтарды бірге жеңетінін» атап өткен Байден Жапонияның Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдары алдындағы ұстанымы үшін ризашылығын білдірді.

Жапон премьер-министрі де бұл сапар «АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы мүддесін кез келген жағдайда күшейтетінін көрсетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар