Джонсон мен Зеленский Украина жағдайын талқылады

Джонсон мен Зеленскийдің Украинаға әскери қолдау мен жаһандық  азық-түлік қауіпсіздігі тақырыптарын кеңескені білдірілді.

1829376
Джонсон мен Зеленский Украина жағдайын талқылады

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен Украина президенті Владимир Зеленский Украинаға әскери қолдау көрсету және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Премьер-министрдің 10-шы номерлі кеңсесінің өкілі кездесуге қатысты мәлімдемесінде Владимир Зеленскидің Донбастағы жағдай, Украинаның бүкіл егеменді аумағын қалпына келтіру және даулы аймақтарда ресейлік жалған ақпаратқа қарсы жүргізіліп жатқан күрес туралы Борис Джонсонға мәлімет бергені білдірілді.

Телефондағы кеңесте  Украинаға әскери қолдау мен жаһандық  азық-түлік қауіпсіздігі тақырыптары талқыланғаны жазылған мәлімдемеде:

"Лидерлер келіссөз жағдайын талқылады және Украина үшін ұзақ уақыттық қауіпсіздікті бекемдеу жөнінде АҚШ, Франция мен Германияны қамтыған одақтастармен бірге жұмыстануды жылдамдатуға келісті. Борис Джонсон Ресейдің Украинаны заңсыз жаулап алуы және даму жолындағы елдерде артқан азық-түлік бағасының артуын қамтыған жағдайлар, Путиннің Украинаның Қаратеңіз кемежайларына бағыттаған үрейлі де орынсыз қоршауынан туындаған жаһандық оқиғаларға деген алаңды тілге тиек етті" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде лидерлердің Украинаның дақылдармен қамдауы үшін құрлық пен теңіз  жолдарының ашылуы талқыланғаны, лидерлердің қызметкерлерін келесі қадамдағы шұғыл жұмыстарға бағыттауға кепілдік бергені білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар