Зеленский Қырым құрбандарын еске алды

Украина Мәжілісінің төрағасы Руслан Стефанчук мәлімдемесінде 1944 жылы Қырымда болған оқиға "Адамдарды қырған бір апат" деп бағалады.

1828992
Зеленский Қырым құрбандарын еске алды

Украина президенті Владимир Зеленский Қырым татар халқы қырғынының барлық құрбандарын ешқашан ұмытпайтындарын мәлімдеді.

Владимир Зеленский  Қырым татар түріктерінің Кеңестер Одағының лидері  Иосиф Сталиннің шешімімен ата мекенінен бір түнде қуғындалып, адамгершілікке жат шарттардағы пойыз вагондарымен Орталық Азияға айдалуының 78-ші жылдығына орай Телеграм желісінен мәлімдеме бөлісті.

Кеңестер Одағының лидері  Иосиф Сталиннің шешімімен  1944 жылы 18 мамырда Қырым татар түріктерін ата мекенінен қуғындаған қандықолдардың осы отбасылардың Қырымға қайта оралмайтынын ойлағанын, алайда Украинада бүгін тәуелсіздік үшін күрестің жалғасып жатқанын айтқан Зеленский:

"Қазір Украинаны жаулап алуға және өмірімізді тұңғиыққа тіреуге ұмтылған қылмыскерлер біздің табысқа жете алмайтынымызға және тірі қалмайтынымызға сенді. Алайда біз өмірді жалғастырдық және үйіміздің әрбір бұрышына оралу үшін талпынудамыз, қайта ораламыз.  Қырым татар халқы қырғынының барлық құрбандарын ешқашан ұмытпаймыз" деп көрсетті.

Украина Мәжілісінің төрағасы Руслан Стефанчук мәлімдемесінде 1944 жылы Қырымда болған оқиға "Адамдарды қырған бір апат" деп бағалады.

Қырым татар халқы трагедиясының құрбандарын еске алғандарын тілге тиек еткен Руслан Стефанчук Қырымның Украинаның бөлінбейтін бір бөлшегі екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар