Ресей Франция мен Испания дипломаттарын қуды

Ресей 27 испандық және 41 француз дипломатты "Ұнатылмайтын адам" деп жариялады.

1829017
Ресей Франция мен Испания дипломаттарын қуды

Ресей Сыртқы істер министрлігі өзара келісім бойынша елдегі 27 испандық дипломаттың "Ұнатылмайтын адам" «персона нон грата» деп жарияланғанын хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Испанияның Ресейдегі өкілетті елші Маркос Гомес Мартинесті министрлікке шақырып, Мадрид әкімшілігінің Испанияда 27 орыс дипломатты арандатушылық әрекетімен "Ұнатылмайтын адам" деп жариялауы протест етілгені білдірілді.

Осы дөрекі қадам Испания мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды зақымдағаны жазылған мәлімдемеде:

"Осы әрекетке қарымжы ретінде Испанияның Ресейдегі өкілетті елшілігі мен Санкт-Петербург Консулдығының қызметкері 27 испандық дипломаттың "Ұнатылмайтын адам" деп жарияланды. Олардың елшілікке нота тапсырылғаннан кейінгі 7 күн ішінде елден кетуі керек" деп көрсетілді.

Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес баспасөзге мәлімдемесінде:

"Бұл жоспарланған бір шешім. Орыс дипломаттарды шекарадан шығаруға шешім жасалған кезде оған жауап берілетінін айтқан едім" деді.

Ресей 34 француз дипломатты да "Ұнатылмайтын адам" деп жарияланған болатын.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Францияның Ресейдегі елшісі Пьер Левиді де министрлікке шақырып, Францияда 41 орыс дипломатты арандатушылық әрекет және әділетсіз шешіммен "Ұнатылмайтын адам" деп жариялауы протест етілгені білдірілген еді.

Мәлімдемеде осы дөрекі қадам Ресей мен Франция арасындағы қарым-қатынастарды зақымдағаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар