Иран контрабандалық жанармай тасымалдаған кемені ұстады
Иранның Парсы шығанағында контрабандалық жанармай тасымалдаған бір кемені ұстағаны жарияланды.

Иранның Хормузган уәлаятының сот төрешісі Мүктеба Кахрамани Парсы шығанағындағы Иран Төңкеріс сарбаздары армиясының Басра шығанағында 550 мың литр контрабандалық жанармай тасымалдағаны анықталған шетелдік кемені кепілдікке алғанын білдірді.
Борттағы 7 экипаж мүшесінің қамауға алынғанын атап айтқан Кахрамани «Парсы шығанағында шетелдік бір кеменің мыңдаған литр заңсыз жанармай тасымалдағаны анықталды. Иран Әскери-теңіз күштері жедел қозғалып, контрабандалық жанармай тасымалдаған кемені ұстады» деп мәлімдеді.
Мүктеба Кахрамани елден шығаруға әрекет жасалған 550 мың литр заңсыз жанармай тәркіленген кемемен бірге Хормузган портына жеткізілгенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар

Украинада 1995 адам эвакуацияланды
Украинадағы Каховка бөгеті қирағаннан кейін аймақтан 1995 адам эвакуацияланды.