Швеция НАТО мүшелігіне өтініш береді

Финляндия мен Швеция бүгін немесе сәрсенбі күні НАТО мүшелігіне өтінішті бірге беруді жоспарлап отыр.

1827818
Швеция НАТО мүшелігіне өтініш береді

Швеция үкіметі НАТО мүшелігіне өтініш беруге шешім қабылдағандарын жариялады.

Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон Парламенттегі кездесулер кезінде үкіметтің НАТО мүшелігіне өтініш беруге шешім қабылдағанын хабарлады.

Парламентте көпшіліктің НАТО мүшелігіне қолдау бергенін айтқан Магдалена Андерссон бұл елдің қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғау мақсатымен негізгі оппозиция партиясымен жасалған ортақ шешім екенін атап көрсетті.

Магдалена Андерссон НАТО мүшелігіне өтінішті Финляндиямен бірге беруді қалайтындарын да тілге тиек етті.

Бұл ретте Финляндия президенті Саули Ниинистё бүгін ресми сапармен Швецияға барады.

Финляндия мен Швеция бүгін немесе сәрсенбі күні НАТО мүшелігіне өтінішті бірге беруді жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар