Олаф Шольц пен Владимир Зеленский сөйлесті

Шольц Зеленскиймен телефондағы әңгімесінде Украинадағы әскери және гуманитарлық жағдай жайлы көзқарас алмастырды.

1828353
Олаф Шольц пен Владимир Зеленский сөйлесті

Германия премьер-министрі Олаф Шольцтың Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

Үкіметтің баспасөз хатшысы Стеффен Хебестрейт Олаф Шольцтың Владимир Зеленскиймен жалғасты байланыстар аясында сөйлескенін айтты. 

Шольц Зеленскиймен телефондағы әңгімесінде Украинадағы әскери және гуманитарлық жағдай жайлы көзқарас алмастырған.

Екі басшы 24 ақпаннан бері жалғасқан Украина мен Ресей арасындағы дипломатиялық шешім келіссөздері үшін Ресейдің дұшпандығын тоқтатуы және орыс жасақтарының Украинадан шегінуі керектігі тақырыбында  ортақ көзқарасқа келді.

Олаф Шольц пен Владимир Зеленский Украинаға тіпті көп жәрдем берілуі жайлы мүмкіндіктерді қолға алды және байланысты жалғастыруға келісті.



Ұқсас жаңалықтар