Ламберхт Финляндия және Швецияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Ламберхт Финляндия және Швецияның НАТО мүшелігі тақырыбында Түркияның алаңдаушылығына көңіл бөлу керектігін айтты.

1828317
Ламберхт Финляндия және Швецияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Германия қорғаныс министрі Кристина Ламберхт Финляндия және Швецияның НАТО мүшелігі тақырыбында Түркияның алаңдаушылығына көңіл бөлу керектігін айтты. 

Ламберхт Бельгияның астанасы Брюссельде Еуропа Одағы Қорғаныс министрлері жиналысы аясында журналисттерге мәлімдеме жасады. Ламберхт мәлімдемесінде Финляндия және Швецияның НАТО мүшесі болу талпыныстарына риза болғанын білдіріп, бұның әрі екі ел үшін, әрі НАТО үшін де жақсы болатынын баяндады. 

Екі елдің НАТО-ға күш қосатынын айтқан Ламберхт "Финляндия және Швецияның НАТО-ға кіруімен байланысты шешімдер бірауыздан қабылдануы керек. Сондықтан Түркиямен кездесудеміз. Түркияның алаңдаушылығына да көңіл бөлу керек" деген сөздер қолданды. 

Кристина Ламберхт Финляндия және Швецияның НАТО-ға кіруімен осы екі елдің қауіпсіздігінің күшейетінін білдірді. 

Германияның екі елдің НАТО-ға қосылуын қолдағанын түсіндірген Ламберхт "Екі елдің НАТО-ға қосылуы өте жақсы. Бұл тек Финляндия және Швеция үшін ғана емес, НАТО үшін де өте пайдалы" деп көрсетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар