Украина армиясының шығыны артуда

Конашенков: «Суми облысындағы Шпилевка маңында екі S-300 әуе қорғаныс зымырандық ұшыру жүйесі мен радарлары жойылды» деді.

1827164
Украина армиясының шығыны артуда

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинаның Ресей шекарасы маңындағы Суми аймағында екі S-300 әуе қорғаныс зымыран жүйесін соққыға жыққанын хабарлады.

Игорь Конашенков орыс әскери жасақтарының Украинадағы соғысы жайлы мәлімдеме жасады.

Украинаның түрлі аймақтарында шабуылдың жалғасқанын айтқан Игорь Конашенков әуеден аатылған жоғары сезімталды зымыранмен Запорожье, Парасковьевка, Константиновка және Новомихайловка елді мекендері маңындағы екі қолбасшылық орталығы, 11 әскерлерді нығайту және оқ-дәрілер, зымыран мен артиллериялық қаруы бар 4 қару қоймасына соққы берілгенін атап өтті.

Украина әскерлері мен техникалық қарулары бар 32 айм ақты атқандарын айтқан Конашенков:

«Суми облысындағы Шпилевка маңында екі S-300 әуе қорғаныс зымырандық ұшыру жүйесі мен радарлары жойылды» деді.

Орыс әуеден қорғаныс жүйесінің Донецк, Луганск, Харьков облыстарында және Жылан аралында Украинаның 15 ұшқышсыз әуе көлігін күйреткенін айтқан Конашенков Херсон және Харьков облыстарында ауада «Точка-У» зымыранымен 11 Смерч көп ұңғылы зымыран тасығыш снарядының жойылғанын мәлімдеді.

Игорь Конашенков:

"Украина армиясына қарасты 165 ұшақ, 125 тікұшақ, 879 ұшқышсыз әуе көлігі, 306 әуеден қорғаныс жүйесі, 3 мың 98 танк пен сауытты көлік, 381 көп ұңғылы зымыран соғар, мың 525 зеңбірек, 2 мың 934 арнайы әскери көлік жойылды" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар