Шри-Ланкадағы оқиғада 250 адам жарақат алды

Шри-Ланкада коменданттық сағатты алып тастады.

1827524
Шри-Ланкадағы оқиғада 250 адам жарақат алды

Экономикалық дағдарыс салдарынан шиеленіс жалғасып жатқан және осы уақытқа дейін 8 адам қаза тауып, шамамен 250 адам жарақат алған Шри-Ланкада өткен аптада орын алған зорлық-зомбылықта 230 адам ұсталды.

Полиция мәлімдемешісі Налин Талдува зорлық-зомбылыққа қатысты полиция бекеттеріне патрульдерді көбейтіп, көлік пен құжат тексеруді жалғастыруды сұрағанын айтты.

Шри-Ланкалықтардың Буддизмнің негізін қалаушы Будданың туылғанын, қайтыс болуы мен ағартылуын атап өтетін Весак күнін тойлау үшін кеше бүкіл ел бойынша коменданттық сағат алынып тасталды.

Тарихындағы ең үлкен экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келген Шри-Ланкада халық наурыз айының соңында тәулігіне 13 сағат электр қуатының үзілуіне байланысты наразылықтарын күшейтті.

9 мамыр күні елде премьер-министр кеңсесі маңына жиналған шерушілер мен үкімет жақтастары арасында қақтығыс болып, бас қала Коломбода әскери бөлімдер қызметке шақырылған болатын.

Оппозицияның қысымы күшейгеннен кейін премьер-министр Махинда Раджапакса отставкаға кетті. Премьер-министрдің отставкаға кетуіне байланысты министрлер кабинеті заңды түрде тарады.

Зорлық-зомбылықтан кейін бүкіл елде коменданттық сағат жарияланды және үкімет наразылықтар кезінде қоғамдық мүлікке немесе адамдарға зиян келтірген кез-келген адамды атуды бұйырды.



Ұқсас жаңалықтар