Конашенков Украинаның шығындары туралы мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлімдеме жасады.

1827749
Конашенков Украинаның шығындары туралы мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинадағы Жылан аралы мен Николайев төңірегінде Ресей Қарулы күштерінің 1 дана Су-24 және 2 дана Су-25 әскери ұшағын атып түсіргенін айтты.

Конашенков орыс армиясының Украина соғысындағы қызметі туралы ақпарат берді.

Украинада орыс әскери бөлімдерінің шабуылдарының жалғасып жатқанын атап көрсеткен Конашенков әуеден ұшырылған жоғары дәлдіктегі зымырандармен бір күнде Украина Қарулы күштерінің 72-ші механикаландырылған бригадасының Харьков аймағындағы Цаповка төңірегінде орналасқан штаб-пәтерімен бірге 2 басқару орталығы, Луганск, Донецк және Харьковтің кейбір басқа жерлерінде 5 зымыран мен артиллериялық қойма, 8 атыс бекеті, әскери бөлімдер мен техникалық көліктер жиналған 16 логистикалық аймаққа соққы енгізілгенін білдірді.

Игорь Конашенков бұл операциялармен 360-тан астам украиндық ұлтшыл қарулы күш пен 78 әскери техниканың залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Ресей әуе соғысы тактикалық бөлімшелерінің 3 басқару орталығын, 2 жанармай қоймасын, әскери бөлімдер мен техникалық көліктер жиналған 104 алаңды жойғанын атап көрсеткен Конашенков зымыран және артиллериялық бөлімшелердің сарбаздар жиналған 325 аймаққа, 14 басқару орталығы мен 24 артиллериялық батареяға соққы бергенін айтты.

Ресей әуе соғысы тактикалық бөлімшелерінің 3 басқару орталығын, 2 жанармай қоймасын, әскери бөлімдер мен техникалық көліктер жиналған 104 алаңын жойғанын атап көрсеткен Конашенков зымыран және артиллериялық бөлімшелердің сарбаздары жиналған 325 аймаққа, 14 басқару орталығы мен 24 артиллериялық батареяға соққы бергенін айтты.

Орыс мәлімдемеші «Ресейдің әуе қорғаныс жүйелерімен Украина әуе күштеріне тиесілі 2 дана Су-25 әскери ұшағы Николаев облысындағы Евгеновка және Великая Камышеваха елді мекендерінде аспанда атып түсірілді. Сонымен қатар, Жылан аралының айналасында 1 дана Су-24 жойғыш ұшағы жойылды» деді.

Луганск, Харьков және Донецк аймақтарының әртүрлі жерінде Украинаға тиесілі 10 әуе көлігі мен 2 Кеңестік «Ту-143 Рейс» деп аталатын пилотсыз барлау ұшағының түсірілгенін тілге тиек еткен Конашенков «Осы уақытқа дейін Украинаға тиесілі 168 әскери ұшақ, 125 тікұшақ, 889 пилотсыз әуе көлігі, 307 әуе қорғаныс зымырандық жүйесі, 3 мың 108 танк пен броньды техника, 381 көп ұңғылы зымырандар, 1 мың 529 гаубица мен миномет, 2 мың 949 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар