Қытай Әскери-теңіз күштері жаттығу өткізді

Қытайдың ең үлкен жойғыш кемесі Лхасаның да қатысуымен әскери жаттығу өткізгені хабарланды.

1827497
Қытай Әскери-теңіз күштері жаттығу өткізді

Қытай Әскери-теңіз күштерінің елдің солтүстігіндегі Сары теңізде ең үлкен жойғыш кемесі Лхасаның да қатысуымен әскери жаттығу өткізгені хабарланды.

БАҚ-қа қарағанда «Модель-055» тұмсықты зымыран тасымалдағыш, «Модель-056А» әскери кемесі, 3 корветпен «жоғары-төмен аралас» нысанаға қарсы жаттығулар өткізді.

Мемлекеттік телеарнаның бейнекөріністерімен жарық көрген хабарда 3 күндік оқу-жаттығуда басқа кемелер, сүңгуір қайық, ерте хабарлау ұшақтары мен тікұшақтар қатысқан зениттік, кемеге қарсы және сүңгуір қайықтарға қарсы жаттығулар өткізілгені айтылды. қатысты.

Хабарда жаттығулардың әртүрлі электромагниттік ортада әртүрлі кемелердің бірлескен қозғалыс мүмкіндіктерін тексеруді мақсат еткені атап өтілді.

Қытай Әскери-теңіз күштері 2017-2020 жылдар аралығында 8 дана «Модель-055» және соңғы 10 жылда 70-тен астам «056 типті» және «Модель-056А» әскери кемелерін пайдалануға берді.



Ұқсас жаңалықтар