Ядролық 8 реактор салынады
«Great British Nuclear» деп аталатын жаңа бөлімде жаңа жобалар дереу күн тәртібіне қойылады.

Ұлыбритания тағы 8 ядролық реактордың құрылысын бастайды.
Дүние жүзіндегі энергия бағасының өсуі Ұлыбританияға да әсер етті. Үкімет шамамен 120 миллион фунттық жаңа ресурс бөлу арқылы 10 жыл ішінде бірқатар жобаларды жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.
Осы тұрғыда үкімет энергиямен қамтамасыз етуде атом электр станцияларына бет бұрды. Осы мақсатта жаңа жоспарлау бөлімі құрылды.
«Great British Nuclear» деп аталатын жаңа бөлімде жаңа жобалар дереу күн тәртібіне қойылады.
Британ үкіметі осыған дейін сегіз ядролық реактордың құрылысы басталатынын хабарлаған болатын.
Ұлыбританиядағы электр энергиясының 16%-ы 13 реактордан келеді. 2050 жылға қарай елдегі электр энергиясының 25 пайызының атом энергиясынан қамтамасыз етілуі көзделіп отыр.
Энергиямен қамтамасыз етуді әртараптандырудың себептерінің қатарында энергия бағасының өсуі, сондай-ақ Ресейге тәуелділікті азайту да бар.
Ұлыбритания жыл соңына дейін Ресей мұнайының импортын сатылы түрде тоқтататынын мәлімдеген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Украина Бас штаб басқармасы Ресейдің шығындарын жариялады
Украина Бахмут аймағында Ресей әскерімен қақтығыстың күшейгенін хабарлады.