Австрияда Ковид-19 шектемелері жойылды

Австрияда қатынас көліктері, денсаулық  сақтау және сауда орталықтарында маска тағу мәжбүрлігі әлі жалғасуда.

1827485
Австрияда  Ковид-19 шектемелері жойылды

Австрияда атқарылған жаңа саяхат тәртібіне сай жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті елге кірген кезде вакцина егу, науқас тарихы және сынама сияқты шектемалер алып тасталды.

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дайындалған жаңа саяхат тәртібіне байланысты құжат ресми газетте жарияланып, атқарылды.

Құжатқа сай елге кіргендерден екі жылдан бері сұралған түрліше шектемелер толық жойылды.

Австрияға сапармен барғандар ешқандай құжат дайындамайды.

Ковид-19 індеті сақтық шаралары жойылған елде қатынас көліктері, денсаулық  сақтау орталықтары мен сауда орталықтарында маска тағу мәжбүрлігі әлі жалғасуда. 

10 миллион жан саны бар Австрияда қазірге дейін 18 мың 303 адам вирустан қайтыс болды.  4 миллион 212 мың 492 адам вирусты жұқтырды.



Ұқсас жаңалықтар