Ресей армиясы 26 мың 900 әскерінен айырылды

Орыс күштері 2042 көлік, 13 кеме мен қайық және 405 ұшқышсыз әуе көлігінен де айырылды.

1826571
Ресей армиясы 26 мың 900 әскерінен айырылды

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының соңғы 24 сағатта тағы 250 әскерінен айырылғанын, сондай-ақ соғыста өлген орыс әскер санының  26 мың 900-ге жеткенін хабарлады.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 ақпан мен 12 мамыр арасындағы шығындары жайлы мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде: "Ресей армиясы жалпы 26 мың 900 әскерінен айырылды. 199 ұшақ, 162 тікұшақ,  1205 танк, 2 мың 900 сауытты көлік, 542 зеңбірек, 193 зымыран соғар жүйесі және 88 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Орыс күштері 2042 көлік, 13 кеме мен қайық және 405 ұшқышсыз әуе көлігінен де айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыздағы мәлімдемесінде Украинада 1351 әскері қаза тапқанын хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар