Жапония мен Еуропа Одағы ынтымақтастығын күшейтеді
Жапония премьер-министрі Кишида Фумио Чарльз Мишель және Урсула фон дер Ляйенмен "Жапония-Еуропа Одағы Саммитінде" бас қосты.

Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель мен Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен ресми сапармен Жапонияға барды. Жапония премьер-министрі Кишида Фумио Чарльз Мишель және Урсула фон дер Ляйенмен "Жапония-Еуропа Одағы Саммитінде" бас қосты.
Самиттен кейін мәлімдеме жасаған Кишида Еуропа Одағымен экономика және энергия қауіпсіздігі саласында ынтымақтастық жасау жайлы келіскенін айтты.
Премьер-министр Кишида Ресей Украинаға шабуыл жасауда. Ресейге қарсы санкциялардың атқарылуында да мемлекетінің Еуропа Одағымен ынтымақтастығын жалғастыратынын білдірді.
Кишида "Еуропа Одағы мен Үнді-Тынық мұхиты қауіпсіздігі бір-бірінен айрылмайды" деді.
Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель демократияны жақтайтын тараптардың қарым-қатынастарының күшті екеніне назар аударып "Жапония және Еуропа Одағы Үнді-Тынық мұхитта ең жақын стратегиялық ортақ" деген сөздер қолданды.
Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен болса "Үнді-Тынық мұхиты дамыған бір аймық" деді.
Ұқсас жаңалықтар

Қытайда толассыз жауған жаңбыр жан алды
Толассыз жауған жаңбырда 4 адам қаза тауып, 4 адам із-түзсіз жоғалды.