Швейцарияда түріктерге шабуылдаған PKK жақтаушылары ұсталды

Базель кантоны полиция ұйымы әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады.

1824463
Швейцарияда түріктерге шабуылдаған PKK жақтаушылары ұсталды

Швейцарияның Базель қаласында алдынғы күні «23 сәуір Халықаралық балалар фестиваліне» қатысушыларға жасалған шабуылдаған сепаратист террор ұйымы PKK-ның бес жақтаушысы ұсталды.

Базель кантоны полиция ұйымының интернет сайтындағы мәлімдемеде қала алаңында жасалған шабуылға полицияның араласып, түріктерге шабуыл жасаған 5 адамды ұстағаны білдірілді.

Шабуылшылардың фестиваль алаңында қатысушыларды сөзбен сыбағаны атап көрсетілді.

Қамауға алынған шабуылшылардың 24 пен 30 жасар арасында екені, оларға қатысты сот ісі қозғалғаны білдірілді.

Жыл сайын өткізілетін 23 сәуір Халықаралық балалар фестивалі мыңнан астам түріктің қатысуымен 8 мамыр күні Базель алаңында өткен болатын.

Фестивальден кейін бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтаулары екені анықталған топ қатысушыларға шабуыл жасап, оқиғада кемінде 6 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген еді.

ТР Сыртқы істер министрлігі шабуылды айыптап, шабуылдаушылардың жауапқа тартуды талап еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар