Илон Масктан Жапонияға ескерту
«Егер туу көрсеткіші өлім деңгейінен асып түсетін өзгеріс болмаса, Жапония ақыры жойылады» деп жазды ол.
Электрмен жүретін көлік өндірушісі Tesla және SpaceX ғарыштық көлік компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск Жапония туу көрсеткішінің төмендеуін қалпына келтіре алмаса, ақырында жойылып кететінін айтып ескертті.
Илон Маск өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан жапондық Киодо агенттігінің Twitter-де бөліскен «ел халқы санының 2021 жылы рекордтық азаюы» туралы хабарға жауап берді.
Маск «айқын нәрсені ашып айтқанын» атап өтті.
«Егер туу көрсеткіші өлім деңгейінен асып түсетін өзгеріс болмаса, Жапония ақыры жойылады» деп жазды ол.
Өткен айда жарияланған хабарда Жапония халқының 2021 жылы 644 мыңға азайып, 125,5 миллионға жеткені, бұл 11 жыл қатарынан байқалып, 1950 жылдан бері ең үлкен азаю екені баса айтылды.
Үкіметтің мәліметінше, өткен жылы елде 831 мың бала дүниеге келіп, 1,44 миллион адам қайтыс болған.
Соңғы деректерге сүйенсек, Жапония халқының 29 пайызы 65 жастан асқан, ал 11,8 пайызы 14 жастан төмен жастағылар.
Ұқсас жаңалықтар
Гаитиліктер елдеріне қайтарылады
Апта сайын 10 мыңға жуық Гаити азаматының кері қайтарылатыны жарияланды.
Газада аштық қайта күшейіп жатыр
Тамыз айында 1 миллион, қыркүйекте 1,4 миллион газалық азық-түлік көмегін ала алмаған.