УҚК соғыстың 71-ші күнінде мәлімдеме жасады

Орыс армиясы қоршаған Мариупольдегі Азовстальда жағдайдың ауыр күйде екені білдірілді.

1822979
УҚК соғыстың 71-ші күнінде мәлімдеме жасады

Украина Ресейді Донецк және Луганск аймақтарын толық бақылауда алу және осы аумақтар мен заңсыз аннексияланған Қырым арасында құрлықтан байланыс орнату үшін шабуылдарын жалғастыруда деп айыптады.

Украина Қарулы күштері (УҚК) соғыстың 71-ші күнінде жасаған мәлімдемесінде орыс күштерінің Мариупольдегі Азовсталь нысандарына шабуылдарын арттырғаны, шығыстағы Попасна, Креминна және Торске аймақтарында қиян-кескі қақтығыстардың жалғасқаны аталып, Украина армиясының Харьков пен Изюм бағытында қарсы шабуыл бастағаны білдірілді.

Орыс армиясы қоршаған Мариупольдегі Азовстальда қарсылық көрсеткен Азов батальондары командирі орынбасары Святослав Паламар болса орыс күштерінің 3 күн бұрын кірген Азовстальға құрлық және әуе шабуылдарын арттырғаны, аймақта ауыр және қанды қақтығыстардың жалғасып жатқанын атап көрсетті.

Паламар Азовстальда жараланғандар көп екеніне назар аударып, президент Владимир Зеленский және халықаралық қоғамнан қаза тапқан сарбаздарды жерлеу және жаралыларды құтқару шараларын қадағалауды сұрады.

Басқа жағынан Ресейдің Украинаға соғыс жариялағалы бері орыс күштерімен 9 рет тұтқын алмасуда 324 украиндық құтқарылды.

Украина Қауіпсіздік қызметі жасаған мәлімдемеде президент Владимир Зеленскийдің осы тұтқындарды алмасудағы күш-жігерінің маңыздылығына назар аударып, украиндықтардың құтқару жұмыстарына бағытталған жұмыстардың жалғасқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар