Псаки: "Ресей өзінің тұрғысынан Украина соғысында жеңіліп қалды"

АҚШ-та Ақ Үй мәлімдемешісі Джен Псаки күнделікті баспасөз мәслихатын өткізді.

1822485
Псаки: "Ресей өзінің тұрғысынан Украина соғысында жеңіліп қалды"

АҚШ-та Ақ Үй мәлімдемешісі Джен Псаки Ресейдің Украинада бірінші кезекте алға қойған мақсаттарына жете алмағанын және соғыста өзінің тұрғысынан жеңіліп қалғанын айтты.

Псаки күнделікті баспасөз мәслихатында Ресей-Украина соғысы тақырыбында соңғы оқиғаларға баға берді.

Украина үшін «жеңіс» анықтамасының Украинаның өз таңдауымен байланысты екенін атап көрсеткен Псаки «Біз басынан бері берген қорғаныстық қолдауымызбен Украинаның келіссөз үстелінде ықпалын арттырдық» деді.

Джен Псаки соғыстың басында Ресейдің Украинаны қысқа мерзімде бақылауға алуды жоспарлағанын және бұл мақсатқа жете алмағанын атап, «Өз тарапынан орыстар соғыста жеңіліп қалды. Украинаны басып ала алмады. Владимир Путин Киев көшелерінде бой көтере алмайды. Украинаның шекара тұтастығы мен егемендігін төңкере алмады. НАТО-ны да бөлшектей алмайды» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар