Пашинян елдегі наразылық шерулері туралы мәлімдеді

Никол Пашинян Армения Ұлттық мәжілісі мүшелеріне үн қатты.

1822209
Пашинян елдегі наразылық шерулері туралы мәлімдеді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян демократияның елдің ең маңызды құндылығы екенін және мұны жалғастыратындарын мәлімдеді.

Арменияның ресми агенттігі Armenpress-тің хабарлауынша Пашинян Ұлттық мәжілісте сөйлеген сөзінде демократияның Арменияның ең маңызды құндылығы екенін және мұны жалғастыратындарын атап, «Мен ешқашан демократияны үкіметтің немесе мемлекеттің әлсіздігі деп айтқым келмейді» деді.

Пашинян үкіметке қарсы шерулерге сілтеме жасап, «Оппозициялық әріптестер бір кездері шеруге шықтық деп бізді мазақ еткен болатын, дегенмен қазір олар шеруге шығуға шешім қабылдап отыр» деді.

Екінші жағынан оппозиция басшыларының бірі Ишхан Сагателян парламент ғимаратын басып алуды жоспарлағандары туралы айыпты жоққа шығарды.

Сагателян «Ешқандай ғимаратты басып алмаймыз, арандатпаймыз» деді.

Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі кеше 1 мамыр күнінен бері елде үкіметке қарсы наразылықтарын арттырған демонстранттар парламенттегі сессия кезінде ғимаратты басып алуды жоспарлап отырғаны туралы сенімді ақпарат алғанын хабарлаған болатын.

Басқа жағынан бас қала Еревандағы Франция алаңында үкіметке қарсы шерулер жалғасуда. Полиция дүйсенбі күнгі шерулерде 189, сейсенбі күнгі шерулерде болса 237 адамның тергеуге алынғанын жариялады.

Әзербайжанның 2020 жылдың қараша айында Қарабахтағы жеңісінің артынан Армения үкіметінің аймақтағы саясатына наразылық білдіріп, премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен оппозиционерлер 1 мамыр күнінен бастап Ереван көшелеріне жиналуда.



Ұқсас жаңалықтар