Лукашенко Ресей-Украина соғысының ұзаққа созылғанын мәлімдеді

Беларусь президенті Александр Лукашенко «Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасады.

1822592
Лукашенко Ресей-Украина соғысының ұзаққа созылғанын мәлімдеді

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей-Украина соғысының жоспарланғаннан ұзаққа созылғанын мәлімдеді.

Лукашенко Ресей-Украина соғысы туралы орталығы Америка Құрама Штаттарындағы «Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасады.

Ресейдің Украинадағы «операциясының» бұлай ұзаққа созылатынын ойламайтынын баса айтқан Лукашенко соғысты тоқтату үшін барынша талпынғанын жасағанын алға тартты.

Лукашенко Ресейдің Украинадағы соғысын қолдағанымен жағдайды «Орыстар айтқандай жоспар бойынша ма, әлде мен сезінгендей (тым ұзаққа созылуы) болды ма деуден аулақпын. Мен тағы бір рет атап өткім келеді, мен бұл операцияның ұзарып бара жатқанын сеземін» деп бағалады.

Украинаның Ресейді арандатқанын, бірақ Беларусьтің бейбітшілікті жақтайтынын тілге тиек еткен Лукашенко «Біз ешқандай соғысты мүлде қабылдамаймыз. Соғыс шықпауы үшін бәрін істедік және жасап жатырмыз. Сіздің және менің арқамда Украина мен Ресей арасында келіссөздер басталды. Бірақ өз аумағында соғыс жүріп жатқан Украина неліктен әскери операция жасап, адамдар өліп жатыр, неліктен Украина бұл келіссөздерге мүдделі емес?» деп сұрақ қойды.

Лукашенко Беларусь Қарулы күштері кеше бастаған жаттығудың мақсатының ешкімді қорқыту емес екенін атап, «Бізге кімнің қарсы екенін білеміз, сондықтан мұндай қақтығысты бастаймыз деп қорқыта алмаймыз. Бұл жердегі соғыс, әрине, Беларусьтің мүддесіне емес. Батыс елдерінің ұйқысы қашпасын» деді.



Ұқсас жаңалықтар