Украина Бас Штабы Ресейдің шығынын мәлімдеді

Украина Ресейдің 24 ақпан мен 3 мамыр арасындағы ауыр шығындарын жариялады.

1821640
Украина Бас Штабы Ресейдің шығынын мәлімдеді

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 мың 200 әскер, 194 ұшақ, 155 тікұшақ және мың 62 танкі жойылғанын хабарлады.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 ақпан мен 3 мамыр арасындағы шығындары жайлы жасаған мәлімдемесінде Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының соңғы 24 сағатта 400 әскерінен тағы айырылғанын жариялады.

Мәлімдемеде:

"Ресей армиясы жалпы 24 мың 200 әскерден айырылды. 194 ұшақ, 155 тікұшақ,  1062 танк, 2 мың 567 сауытты көлік, 475 зеңбірек, 162 зымыран соғар жүйесі және 80 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Орыс күштері 1843 көлік, 10 кеме және жеңіл қайық,  291 ұшқышсыз әуе көлігінен де айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыздағы мәлімдемесінде Украинада 1351 әскері қаза тапқанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар