АҚШ пен Армения ядролық келісім жасасты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды күтіп алды.

1821649
АҚШ пен Армения ядролық келісім жасасты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен Армения арасында ядролық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды күтіп алған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен энергия саласындағы ынтымақтастықты бекемдеуді және екі ұлт арасындағы экономикалық, дипломатиялық қарым-қатынастарды күшейтуді қалайтынын айтты.

Кездесуден кейін екі лидер азаматтық ядролық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім Арменияның энергия талабын түрлендіруді мақсат ететіні білдірілді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс де кездесу жайлы мәлімдемесінде Энтони Блинкен мен Арарат Мирзоянның Арменияның демократия мен құқық жүйесін құрудағы табысы және көршілерімен қарым-қатынастары қолға алынғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар