Украина кемежайында 4.5 миллион тонна дәнді дақыл қамалып тұр

БҰҰ 4.5 миллион тонна дәнді дақылдар тиелген кемелердің Украина кемежайынан шыға алмай тұрғанын хабарлады.

1821171
Украина кемежайында 4.5 миллион тонна дәнді дақыл қамалып тұр

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы 4.5 миллион тонна дәнді дақылдардың Украина кемежайында күтілгенін жариялады.

Неміс хабар агенттігіне сұхбат берген Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының Германия директоры Мартин Фрик 4.5 миллион тонна дәнді дақылдар тиелген кемелердің Украина кемежайынан шыға алмай тұрғанын айтты.

Мәлімдемеде күтілген осы дәнді дақылдарға әлемнің мұқтаж екені атап көрсетілді.

Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы экспорттың қайта бастауы үшін әрі адамдарға, әрі кемежайларға қол жеткізу керектігін білдірді.

24 ақпанда басталған Ресей шабуылдарынан кейін Украина кемежайлары сауда үшін қолданылмай отыр.

Еуропа елдері құрлық және темір жолымен Украинадан дәнді дақыл тасымалдай бастады.



Ұқсас жаңалықтар