Украинада 2 мың 899 бейбіт тұрғын қаза тапты

5 миллион 429 мың 739  босқын  Украинадан көрші елдерге өткен.

1820652
Украинада 2 мың 899 бейбіт тұрғын қаза тапты

Ресей-Украина соғысында Украинада кемінде мың 2 мың 899 бейбіт тұрғын қаза тапты, 3 мың 235 бейбіт тұрғын жарақат алды. Шабуылдардан кейін 5 миллион 429 мың 739 адам көрші елдерге өтті.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты (БҰҰ БЖКБ) Украинадағы босқын дағдарысы туралы әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бөлісті.

Бұған қарағанда 24 ақпан мен 28 сәуір күндері аралығында  5 миллион 429 мың 739  босқын  Украинадан көрші елдерге өткен.

Көрші елдерден Польшаға (2 миллион 992 мың 978), Румынияға (810 мың 21), Ресейге (656 мың 381), Венгрияға (513 мың 848), Молдоваға (441 мың 437), Словакияға (367 мың 904) және Белорусьқа (25 мың 2) өткелдер бар екені білдірілген мәлімдемеде Донецк және Луганск аймақтарынан да 18-23 ақпан күндерінде 105 мың адамның Ресейге өткені атап көрсетілді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар