Украинада 219 бала қаза тауып, 398 бала жараланды
Кеше де Киевте болған шабуыл салдарынан 1 адам қаза тауып, 10 адамның жараланған.

Украинада Ресей армиясының шабуылдарынан 219 бала қаза тауып, 398 бала жараланды.
Украина Бас прокуратурасының мәлімдемесінде Ресей армиясының бомбалауынан 1550-ден астам оқу орнының зақымдалғаны, олардың 102-сі толығымен қирағаны атап өтілді. Мәлімдемеде Ресейдің шабуылдары басталған 24 ақпаннан бері 219 баланың қаза тапқаны, 398 баланың жарақат алғаны хабарланды.
Ал кеше де Украинаның астанасы Киевте болған шабуыл салдарынан 1 адам қаза тауып, 10 адамның жараланған.
Киевтің Шевченковский кварталында кеше «Артем» зымыран шығаратын зауытты нысанаға алған зымырандардың бірі зауытқа қарама-қарсы орналасқан азаматтық ғимаратқа тиді. Оқиға орнында қирандыларды алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, шабуылда 1 адам қаза тауып, 10 адам жараланған. Зардап шеккендердің 4-інің ауруханаға жеткізілгені айтылды.
Украина Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко кеше Ресейдің Қаратеңізден ұшырған зымырандарымен шабуыл жасалғанын, оқиғада 6 адамның жараланғанын хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ БҰҰ-ның «геноцид жасалды» деген есебін қабылдамады
АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мэттью Миллер мәлімдеме жасады.