"БҰҰ-ның соғыстың алдын ала алмауы көңілімді құлазытты"

Антониу Гутерриш «Украина үкіметімен әр қадамды үйлестіре отырып, күш-жігерімізді арттыратынымызға уәде беремін»  деді.

1820326
"БҰҰ-ның соғыстың алдын ала алмауы көңілімді құлазытты"

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинаға сапары кезінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің соғыстың алдын ала алмағанын және  көңіл құлазытқанын мәлімдеді.

Гутерриш Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткізген баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. Ол  сапары кезінде Ресей бастаған соғыс салдарынан бейбіт  адамдардың қазасына, үлкен қирауға және адам құқықтарының бұзылуына жеке өзі куә болғанын айтты.

Халықаралық қылмыстық соттың Украинадағы «соғыс қылмыстарын» тергеуін қолдаған Гутерриш "Мен мұнда қажеттіліктерді анықтау және операцияларды кеңейту үшін келдім. Қауіпсіздік Кеңесі осы соғыстың алдын алу, осы соғысты тоқтату үшін қолынан келгеннің бәрін жасамады және табыссыз болды. Бұл көңіл құлазытанын оқиға, бірақ БҰҰ-ның 1400-ден астам қызметкері Украина халқымен бірге Украина үшін жұмыс істеп жатыр» деді.

Антониу Гутерриш «Украина үкіметімен әр қадамды үйлестіре отырып, күш-жігерімізді арттыратынымызға уәде беремін»  деді.

Соғысты доғару және халықаралық құқыққа сай бейбітшілік орнатуға шақырған Гутерриш атысты тоқтарып,  гуманитарлық дәліздер үшін жұмыстарды жалғастыратындарын айтты.

Украина президенті Зеленский де Гутерриштің бейбітшілік жолындағы талпыныстарын жоғары бағалайтындарын білдірді. Зеленский Гутерриштің Украина қалаларына барғанын және «Ресей жасаған әскери қылмыстарды» сол жерде көргенін айтты.

"Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің деректер жинау миссиясы ресейлік әскерилердің барлық қылмыстарын құжаттауды жалғастыруы керек. Ресей оккупациясының Украина аумағында бейбіт тұрғындарға, бейбіт қалаларға қарсы Екінші дүниежүзілік соғыстағыдан да көп қылмысқа жол ашқаны шындық» деді ол.

Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Мариупольдегі қақтығыстар тоқтатылатыны туралы айтқанына қарамастан, Азовсталь металлургиялық зауытын бомбалауды жалғастырғанын білдірді.  "Украина Азовстальдан адамдарды эвакуациялау және қол жеткізілген уағдаластықтарды дереу жүзеге асыру үшін шұғыл келіссөздер жүргізуге дайын. Сондай-ақ біз Ресейден бұл адамдарға адами көзқарас күтеміз. Гутерриш мырзаның осы бағыттағы жұмысы жемісті болады деп күтеміз. Біз барлық жағынан үлес қосуға дайынбыз» деді Зеленский.

Зеленский жүздеген мың украиндықтың Ресейге күштеп әкетілгенін атап өтті. «Мен Гутерриш мырзадан Украина азаматтарын Ресейге күштеп көшіруді тоқтатуға жұмыстануын сұрадым» деді Украина президенті.



Ұқсас жаңалықтар