Украина Ресей армиясының жалпы шығыны туралы мәлімдеді

Украина Бас штаб басқармасы Ресей-Украина соғысы басталғалы Ресей армиясының шығындары туралы ақпарат бөлісті.

1819708
Украина Ресей армиясының жалпы шығыны туралы мәлімдеді

Украина Бас штаб басқармасы Ресей армиясының 22 мың 800 сарбазынан, 187 әскери ұшағынан, 155 тікұшақ және 970 танкінен айырылғанын хабарлады.

Ресей армиясының 24 ақпан-28 сәуір аралығындағы шығыны туралы мәлімдеме жасаған Украина Бас штаб басқармасы Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясының соңғы 24 сағатта тағы 400 сарбазынан айырылғанын жариялады.

Мәлімдемеге қарағанда Ресей армиясы жалпы алғанда 22 мың 800 әскер, 187 әскері ұшақ, 155 тікұшақ, 970 танк, 2 мың 389 брондалған көлік, 431 зеңбірек, 151 зымырандық жүйе және 71 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ ресейлік күштер 1 мың 688 көлік, 8 кеме мен жеңіл жүрдек қайық, 76 жанармай тасымалдайтын көлік және 215 пилотсыз әуе көлігін жоғалтты.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыз күні жасаған мәлімдемеде Украинада 1 мың 351 ресейлік сарбазының қаза тапқанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар