Конашенков Су-24 әскери ұшағын атып түсіргендерін хабарлады
Конашенков жасаған мәлімдемеде Украинадағы соғыста Ресей армиясының әрекеттері туралы ақпарат берді.

Ресей Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украина әуе күштеріне тиесілі Су-24 әскери ұшағын атып түсіргендерін хабарлады.
Конашенков жасаған мәлімдемеде Украинадағы соғыста Ресей армиясының әрекеттері туралы ақпарат берді.
Ресей әуе күштерінің әуедегі жоғары дәлдіктегі зымырандармен түні бойы әскери бөлімдер мен техникалық көліктер жиналатын 2 аумақ, 2 зымыран мен артиллериялық қоймаға соққы бергенін атап көрсеткен Конашенков Әуе-жауынгерлік тактикалық бөлімшелердің болса 67 әскери нысанды жойғанын мәлімдеді.
Зымыран-артиллериялық бөлімшелердің 408 нысанды атқылағанын білдірген атап өткен Конашенков «Ресейдің әуе қорғаныс жүйелері Луганск аймағындағы Николаевка елді мекені үстінде Украина әуе күштерінің Су-24 әскери ұшағын атып түсірді» деді.
Ресей қорғаныс жүйелерінің Харьков аймағындағы Изюм қаласында Украина армиясы атқылаған «Точка-У» баллистикалық зымыранының әуеде залалсыздандырылғанын атап көрсеткен Конашенков зымыранның Харьковтағы бейбіт тұрғындарға көмектескен Ресей медициналық топтары орналасқан қалалық ауруханасын нысанаға алғанын алға тартты.
Орыс мәлімдемеші «Осы уақытқа дейін Украина армиясына тиесілі 142 әскери ұшақ, 111 тікұшақ, 614 пилотсыз әуе көлігі, 276 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, 2 мың 623 танк пен миномет, 299 көп ұңғылы зымыран, 1 мың 146 гаубица мен миномет, 2 мың 431 арнайы әскери техника жойылды» деді.
Украина армиясының түнде Херсон қаласының орталығындағы балабақша, мектеп мен мекемелер орналасқан тұрғын аудандарына «Точка-У» баллистикалық зымырандары және көп ұңғылы зымыран тасығыштарымен жаппай шабуыл жасағанын айтқан Конашенков Ресей қорғаныс жүйелерінің украин шабуылдарына тойтарыс бергенін білдірді.
Конашенков Херсон мен Изюмдегі зымырандық шабуылдардың әскери қылмыс екенін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар

13 палестиналықты қамауға алды
Палестина тұтқындар қоғамы Израиль күштерінің түнде рейд жүргізгенін білдірді.
Энергияда белгілі елдерге тәуелді болмау керектігін айтты
Столтенберг Дубай қаласында араптар конференциясы (COP28) аясында өткен панельде сөз сөйледі.