Гаитидегі қақтығыстарда 20 адам ажал құшты

Гаити азаматтық қорғаныс агенттігі 24 сәуірде астананың 4 аймағында қарақшылар арасында қақтығыстар басталғанын жариялады.

1819530
Гаитидегі қақтығыстарда 20 адам ажал құшты

Гаитинің астанасы Порт-о-Пренс-те қарақшылар арасындағы қанды оқиғалар салдарынан 24 сәуірден осы таңға дейін 20 адам ажал құшты, 24 адам жарақат алды. 

Гаити азаматтық қорғаныс агенттігі 24 сәуірде астананың 4 аймағында қарақшылар арасында қақтығыстар басталғанын жариялады. 

Агент қақтығыстың ушығуы және қаза санының көбеюі мүмкіндігі жайлы ескерту жасап, үкімет басшыларын мемлекет тәртібін жөнге салуға шақырды. 

Қарақшылар арасындағы қақтығыстарда 12 үй тәркіленді. Аймақта мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 

Еске сала кетейік, Гаити президенті Жовенель Моиз  7 шілдеде қастандықтан қаза тапқан еді. Содан бастап қарақшылар арасындағы қақтығыстар артты. 

 



Ұқсас жаңалықтар