Конашенков Украинаны күйретіп жатқандарын айтты
Игорь Конашенков: "Украина армиясына қарасты қазірге дейін 141 ұшақ, 110 тікұшақ, 607 ұшқышсыз әуе көлігі, 273 әуеден қорғаныс жүйесі, 2 мың 596 танк пен сауытты көлік пен тағы-басқалары жойылды" деді.
Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинаның Запорожье қаласында Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдерінен келген қару мен құрал-жабдықтар қойылған қойманы ұзақ аралыққа атылатын «Калибр» зымыранымен соққанын хабарлады.
Игорь Конашенков орыс армиясының Украиндағы соғысы жайлы мәлімдеме бөлісті.
Украинадағы нысаналарға жоғары дәлдіктегі қаруларды қолданып жатқандарын айтқан Игорь Конашенков:
"Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдері тарапынан Украина әскери жасақтарына жолданған көптеген шетелдік қару мен құрал-жабдықтар қойылған Запорожье қаласындағы алюминий зауыты қоймалары теңізден ұзақ аралыққа атылатын, жоғары дәлдіктегі «Калибр» зымырандарымен күйретілді" деді.
Орыс әуе күштері тактикалық жасақтарының түн бойы 59 Украина әскери базасын нысанаға алғанын білдірген Игорь Конашенков зымыран және зеңбірек жасақтарының 573 нысананы атқанын хабарлады.
Әуеден қорғаныс жүйесі арқылы түрлі жерлердегі Украинаға қарасты 18 ұшқышсыз әуе көлігі, сонымен бірге Ильичевка елді мекенінде «Точка-У» тактикалық зымыранын әуеде атқандарын айтқан Игорь Конашенков:
"Украина армиясына қарасты қазірге дейін 141 ұшақ, 110 тікұшақ, 607 ұшқышсыз әуе көлігі, 273 әуеден қорғаныс жүйесі, 2 мың 596 танк пен сауытты көлік, 296 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 1134 зеңбірек оғы, 2 мың 413 арнайы әскери көлік жойылды" деп көрсетті.
Орыс армиясы 24 ақпанда Украинаға соғыс бастады.
Ұқсас жаңалықтар
Индонезиядағы Руанг жанартауы атқылауда
Индонезия Жанартау және геологиялық апат салдарын азайту орталығы мәлімдеме жасады.
Брюссельде ЕО көшбасшылары саммиті өтеді
Екі күнге созылатын Саммитке 27 елдің мемлекет немесе үкімет басшылары қатысады.