Ресей армиясының шығындары

Ресей армиясы шамамен 21 мың 900 сарбазынан айрылды.

1817590
Ресей армиясының шығындары

Украинаға соғыс ашқан Ресей армиясының шамамен 21 мың 900 сарбазынан, 181 ұшақтан, 154 тікұшақ және 884 танкінен айырылғаны хабарланды.

Украина Бас штабы Ресей армиясының 24 ақпан мен 25 сәуір аралығындағы шығынына байланысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қарағанда, Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясынан шамамен 21 900 сарбаз қаза тауып, 181 Ресей ұшағы, 154 тікұшақ, 884 танк, 2258 брондалған көлік, 411 зеңбірек, 149 зымырандық жүйе және 69 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ ресейлік күштер 1566 көлік, 8 кеме мен жеңіл жүрдек қайық, 76 жанармай тасымалдайтын көлік және 201 ұшқышсыз ұшатын аппаратынан айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыз күні жасаған мәлімдемеде Украинада 1351 ресейлік сарбаздың қаза тапқаны жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар