Ресей Украинаға қарсы соғыста украин балаларды қолданады

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук мәлімдеме жасады.

1816322
Ресей Украинаға қарсы соғыста украин балаларды қолданады

Ресей 24 ақпан күні соғыс бастаған Украинада бейбіт тұрғындар эвакуацияланатын гуманитарлық дәліздердің қауіпсіздік себепті бүгін жұмыс істемейтіні хабарланды.

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук жасаған мәлімдемеде бүгін гуманитарлық дәліздің маршруттардағы қауіпке байланысты ашылмайтынын атап көрсетілді.

Верещук «22 сәуір күні бағыттардағы қауіпке байланысты гуманитарлық дәліздер болмайды. Эвакуациялауды күтіп отырған баршаға үн қатамын – сабыр сақтаңыз, өтінемін күте тұрыңыз» деді.

Верещук кеше де орыс әскерлерінің тығыз бомбалауы салдарынан Мариупольда эвакуацияны күтіп тұрған адамдарды құтқару мүмкін болмағанын мәлімдеген болатын.

Апта басынан бері Ресейдің Донбасстағы шабуылдарының көбейгені себепті Украина мен Ресей арасында гуманитарлық дәліздерді ашу туралы келісім жиі қамтамасыз етіле алмай отыр.

Екінші жағынан Украина бас прокуроры Ирина Венецетова Ресейдің де Украинаға қарсы соғыста украин балаларды пайдаланғанын айтып, осыған байланысты 8 жағдайдың анықталғанын атап көрсетті.

Венецетова Ресей армиясының украиналық балаларды «әскери ақпаратты жинау немесе жеткізу, қаруды тасымалдау және осыған ұқсас жағдайлар үшін қолдануға итермелегенін» атап көрсетті.

Ресей армиясының бомбалауынан 1 мың 141 оқу орнына зақым келгенін, оның 99-ының толығымен қирағанын айтқан Венецетова Ресей әскери операциясын бастаған 24 ақпан күнінен бері алғашқы анықтамалар бойынша 208 баланың қаза тапқанын және 386 баланың жараланғанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар