Ресей АҚШ және Канада шектеме тізімін жариялады

Ресей 29 амеркиалық пен 61 канадалықты санкция тізіміне тіркеп, елге кіруін шектеді.

1816057
Ресей АҚШ және Канада шектеме тізімін жариялады

Ресей Америка Құрама Штаттары президентінің орынбасары Камала Харристі қамтыған 29 амеркиалық пен 61 канадалықтың елге кіруін шектеді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің орыс лауазымдылар мен отбасындағыларға, әрі іскерлер, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлеріне бағытталған барған сайын кеңейтілген орысқа қарсы санкция шешімдерін жасағаны білдірілді.

Осының қарымжысы ретінде орыстарға қарсы күн тәртіп ұйымдастырған журналист, маман, кәсіпкер және жоғары дәрежелі лауазымдылар мен жұбайларын қамтыған 29 америкалықтың санкция тізіміне тіркелгені және Ресейге кіруі шектелгені білдірілген мәлімдемеде олардың тізімі де жарияланды.

АҚШ президентінің орынбасары Камала Харрис, АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джон Кирби, Ақ Үй аппаратының басшысы Рональд Клэйн, Мета атқарушы директоры Марк Цукерберг қатарлылар тізімге енді.

Канаданың орыс лауазымдыларға бағыттаған орысқа қарсы санкцияларына жауап берілгені білдірілген мәлімдемеде:

"Канадада орыстарға қарсы әрекеттерге ткелей қатысқан жоғары дәрежелі үкімет лауазымдылары,  белсенді және зейнеткер әскери қызметкерлер, қоғамдық мамандық өкілдері, басты журналистерді қамтыған 61 кісінің Ресейге кіруі мезгілсіз шектелді" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде санкция тізіміне тіркелген канадалықтар жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар