«Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлерінен Украинаға көмек уәдесі

«Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлері Украинаға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады.

1815679
«Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлерінен Украинаға көмек уәдесі

Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Германия, Англия, Канада, Франция, Италия және Жапониядан тұратын «Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлері Украинаға 24 миллиард доллардан астам көмек көрсетуге уәде берді.

«Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшылары Ресейдің Украинада 24 ақпан күні бастаған соғысына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде бұл елдердің қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының Ресейдің Украинадағы соғысын, соғыс салдарынан болған адам шығыны және соғыстың жаһандық экономикалық ықпалын талқылау үшін бас қосқаны атап көрсетілді.

Халықаралық ұйымдар мен көптарапты форумдардың Ресеймен жұмыстарын бұрынғыдай жалғастырмау керектігі баса айтылған мәлімдемеде, Ресейдің осы аптада халықаралық форумдарға, соның ішінде «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті, Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банк отырыстарына қатысқанына өкініш білдірілгені айтылды.

Мәлімдемеде «Халықаралық қауымдастықпен бірге 2022 жыл мен кейінгісі үшін 24 миллиард доллардан асатын қаржылық және материалдық жағынан айтарлықтай қосымша қолдау көрсеттік және уәде алдық» делінді.

Украина мен көршілес елдерге көрсетілетін қолдаудың тығыз үйлестіруді жалғастырудың маңызды екені атап көрсетіліп, елдер мен халықаралық ұйымдарды Украинаның шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз етіліп, оның болашағын қайта құру үшін жеткілікті қолдау көрсетуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар