Украинаға 2 жүк көлігі гуманитарлық жәрдем жіберілді

AFAD Қырым Татар түрік қоғамына жеткізу үшін Украинаға 2 жүк көлігі гуманитарлық жәрдем жіберілгенін мәлімдеді.

1816011
Украинаға 2 жүк көлігі гуманитарлық жәрдем жіберілді

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы «AFAD» Қырым Татар түрік қоғамына жеткізу үшін екі жүк көлігі гуманитарлық көмекті Украинаның Львов қаласына жіберді.

AFAD  жасаған хабарламада Ресей-Украина соғысына байланысты 27 ақпан күні басталған гуманитарлық көмек жұмылдыру жұмыстары аясында AFAD-тың үйлестіруімен Денсаулық сақтау министрлігі, муниципалитеттер, Түрік Қызыл жарты ай қоғамы, жекеменшік сала және басқа да ұйымдар тарапынан бүгінге дейін барлығы 82 жүк көлігі гуманитарлық көмек пен ас үй көлігінің аймаққа жіберілгені атап көрсетілді.

Екінші жағынан AFAD лауазымдыларынан алынған ақпаратқа қарағанда, Украинада гуманитарлық қажеттіліктерді анықтау, гуманитарлық көмек жұмыстарын жалғастыру және Түркиядан жіберілген жәрдемдердің қамтамасыз ету үшін 5 адамнан тұратын AFAD гуманитарлық көмек тобы Румынияның Сирет шекара пунктінде және Украинаның Львов қаласында қызметін жалғастыруда. Жұмыстар аясында Румынияның Сирет шекарасында бүгінге дейін шамамен 230 мың дана гуманитарлық жәрдем материалы таратылды.

Румыния-Украина Сирет шекарасында пайда болған гуманитарлық қажеттіліктер аясында 12-18 наурыз күндерінде AFAD-тың координациясымен 1 жылжымалы ас үй көлігімен қызмет көрсетілді.

Бағалау аясында 2022 жылдың 20 наурыз күнінен бастап, Украинаның Львов қаласында ыстық тамақ беру қызметі жалғасуда.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар