Чарльз Мишель Зеленскиймен кездесті

Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель Бородянкадағы жағдайды көріп, "Бұлар тағылық әрекет. Бұлардың барлығы қылмыс" деді.

1815490
Чарльз Мишель Зеленскиймен кездесті

Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель Бородянка қаласына барғаннан кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Мишель кездескен соң мәлімдеме жасады. 

"Бұлар тағылық әрекет. Бұлардың барлығы қылмыс, жазаландырылады" деген Мишель Украинаға қолдау жасау үшін қолынан келгенін істеуге табанды екендерін, сондай-ақ украиналықтардың жеңіске жетуін қалағандарын білдірді. 

Чарльз Мишель  Еуропа Одағының Украинаның қасында болатыны жайлы уәде бергенін түсіндіріп, "Осы таңға дейін көптеген нақтылы шешім жасадық. Бұл жеткілікті емес. Сондықтан Ресейге қарсы қысымды арттыру үшін тоқтаусыз жұмыс істейміз" деген сөздер қолданды. 

Украинаның Еуропа Одағы мүшелігі тақырыбында болса Чарльз Мишель Еуропа Одағы ішінде мүшелік процесімен байланысты ұқсамайтын көзқарастардың болғанын баяндап, бұның заңдық және сонымен қатар саяси процесс болғанын атап өтті. 

Мишель Еуропа Одағы комиссиясының көзқарасының маусым айының аяғында жариялануы керектігін білдіріп, өзінің де  мүшелік жүзеге асқан сәтте жұмысқа кірісе  бастайтынын баяндады. 

Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель Еуропа Одағының Ресейге қарсы ерте немесе  кеш мұнай және табиғи газ эмбаргосын  салатынына кәміл сенгенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар