Пәкістанда жаңа коалициялық үкімет қызметін бастады

Пәкістанда премьер-министрі Шахбаз Шерифтің коалициялық үкіметі ант ішті.

1814433
Пәкістанда жаңа коалициялық үкімет қызметін бастады

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ант ішу рәсімі президент Ариф Альвидің сырқатына байланысты президент орынбасары және сенат төрағасы Мұхаммед Садик Санжранидің құзыретінде өтті.

Президент ғимаратында өткен ант ішу рәсімі қасиетті Құран оқумен басталды.

Рәсімде Санжрани оқыған ант мәтінін қайталаған коалициялық үкімет мүшелері өз міндеттеріне кірісті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында кеше жоспарланған бағдарламаның президент Альвидің рәсімді басқарудан бас тартқаны себепті бүгінге шегерілгені алға тартылды.

Министрлер кабинетінде 31 федералдық үкімет мүшесі министр мен 3 министр орынбасары орын алады. Осымен қатар министрлер кабинеті құрамының алдағы күндері кеңейтілетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар