Түркия Исламабад пен Сребреницада ауызашар береді
Түрік Қызыл жарты ай қоғамы «15-ші Рамазан Дүниежүзілік жетімдер күніне» орай ауызашар береді.
Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Пәкістанның бас қаласы Исламабад пен Босния және Герцеговинаның Сребреница қаласында «15-ші Рамазан Дүниежүзілік жетімдер күні» мерекесінде 200 пәкістандық жетім балаға ауызашар береді.
Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Пәкістан делегациясы басшысы Ибрахим Карлос Камило бас қаладан 20 шақырым жердегі Бхара Каху аймағында жетім балалармен бас қосқандарын мәлімдеді.
Камило «15-ші Рамазан Дүниежүзілік жетімдер күні» мерекесіне орай 200 жетім балаға ауызашар ұйымдастырғандарын және балалармен бірге уақыт өткізіп, оларды қуантқанын білдірді.
Босния және Герцеговинаның Сребреница қаласындағы ауызашарда болса «1995 жылғы Сребреница қырғынының» құрбандары да еске алынды.
Сребреницадағы ауызашар бағдарламасына қоса, Рамазан азық-түлік пакеттері де таратылды.
Қаладағы мұқтаж 100 отбасыға Рамазан жәрдемі таратылды. Түрік Қызыл жарты ай қоғамы жасаған мәлімдемеде Ораза айт алдында 100 жетім балаға мерекелік пакет дайындалатыны да атап көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Индонезиядағы Руанг жанартауы атқылауда
Индонезия Жанартау және геологиялық апат салдарын азайту орталығы мәлімдеме жасады.
Брюссельде ЕО көшбасшылары саммиті өтеді
Екі күнге созылатын Саммитке 27 елдің мемлекет немесе үкімет басшылары қатысады.